Ақтауда бірнеше айдан бері есірткі бизнесімен байланысты «трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ» туралы резонансты іс қаралып жатыр. Әңгіме шамамен екі миллиард теңге төңірегінде болып отыр. Айыпталушы орындығында наркобарон да, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы да емес, қарапайым кассир Өнербек Әмірқұлов отыр. Тергеу оны қылмыстық схеманың бір бөлігі болған деп есептейді. Алайда сот процесі алға жылжып, ақ-қара айқындалған сайын бұл істе түсініксіз жайттар көбейіп келеді. Ulysmedia.kz тілшісі сот отырыстарына қатысып, дәлелдердің қалай зерттеліп жатқанын бақылады. Көрген жайттар көптеген сұрақ тудырады.
Жаңалықтар