Алматы орталық клиникалық ауруханасының директоры Нариман Табынбаев үш науқас ВИЧ індетін жұқтырған соң қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков айтты. Иран Шәметеков 28 шілдеде өткен брифингте Орталық клиникалық аурухананың директоры қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты айтты. Ол аурухананың тағы бірнеше қызметкерінің де қызметтерінен босатылғанын жеткізді. Қазіргі жағдайды ескере отырып