Бесқала қазақтарының мақам-саздары, оның ішінде Наурызбек жырау саздары Қарақалпақстан өңірінен асып, байтақ қазақ жеріне 1970 жылдары жетті. Оның таралуына қызылордалық Болатбек Ердәулетов, батысқазақстандық Жақсылық Сәрсенғалиев, Қаламқас Орашевалар көп үлес қосты. Ақтөбе өңірінен арнайы іздеп барған Ордабай (Бақтыгерей) Сандыбайұлы жыраудан Наурызбектен көптеген мақам-саз үйреніп, 1992 жылы жыршылар студиясын ашып, жастарды жыршылық өнерге баулыды. Осылайша, Бесқала қазақтарының …