Синоптиктер болжамынша, көктемнің бірінші айында ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен жылуға ауысады, орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында болуы мүмкін. Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болады. Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск