Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевтің билікке қайта оралуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ол 25 шілдеде «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған болатын. Депутат Ермұрат Бапи “қоғам белсенділері билікпен алысып жүргенде, «ескісі» «Жаңа Қазақстанның» «көрін қазып» жатыр” деп есептейді. Мәжіліс депутаты Uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында “Ескі Қазақстанның” ескі кадрлары туралы мәселені Президенттің алдында көтеретінін жеткізді. Ермұрат