Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Назарбаев университетінің атауы өзгеретіні туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл – фейк деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО «Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті» деп аталатыны айтылған. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл – фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан. …