Қазір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. ҚР Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы шеңберінде қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде қорлау және өзге де қолсұғушылық (сондай-ақ, оның бейнелерін қорлау, оның заңды қызметіне кедергі