Қазақ дәстүрлері мен киім үлгісін дәріптеп жүрген актриса Айнұр Жүгінісова тақия киіп, тюрбан тағатын келіншектерді сынады. Бұл туралы Айнұр Жүгінісова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, көп келіншек «кимешекті үлкен кісілер киеді ғой деп» жаңылысады. Кимешек кию — мәртебе. Екінің бірі кимешекті кие алмаған, оны кию арман болған. Кимешек деген — авторитет. Ажырасқан әйел