Қостанайлық полицейлер «Нелегал – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 18 шетелдікті елден шығарып, көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Көші-қон қызметкерлері елде Өзбекстан Республикасы 32 азаматының заңсыз еңбек етіп жүргенін анықтады. «Қостанай облысына қарасты Денисов ауданында рұқсат құжаттарынсыз жол жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстанның 13 азаматы анықталды. Басқа жағдайларда, Өзбекстан азаматтары болып …