Мысыққа деген ерекше махаббат исламда үлкен орын алатынын білетін шығарсыздар. Барлық жануардың ішінде тек мысыққа ғана мешітке кіруге рұқсат, мысық «дәрет алғанда» оны мазаламау керек дейді. Пайғамбардың сахабасы абу Хурайра әрдайым жеңінде мысық алып жүретіндіктен, оған берілген аты «мысықтардың әкесі» деп аударылады. Түркия сол араб-парсы мәдениетіне жақын халық, ол елде болғандар көшедегі мысықтардың жағдайын көрген