Непалда су тасқынынан бір адам қаза тауып, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Су тасқыны елдің шығысындағы Санкхувасабха аймағында нөсер жауын салдарынан орын алған. «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, бұл туралы жексенбі күні жергілікті полиция мәлім еткен.