Непалдағы ұшақ апатында қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрып жүрген. Оған қоса ол жүкті болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. «Комсомольская правда» газетінің мәліметінше, 33 жастағы Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер және SMM маманы болған. Ол кейінгі бірнеше Қазақстанда өмір сүрген. Дегенмен кейде жұмыс бабымен шет елдерге барып жүрген. Апатқа дейін марқұм туыстарына өзінің жүктілігін айтқан.