Елімізде 380 мың адам несиесін қайтармай жүр. Кепілсіз тұтынушылық кредит алған азаматтардың уақытында қайтармаған берешегін коллекторлық агенттіктерге беруге заң арқылы тыйым салынуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін мәлімдеді. Агенттік кепілсіз кредиттің көбеюіне байланысты онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді