Екі күннен бері қазақстандық қос шахматшы Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева арасындағы дау өршіп тұр. Барлығы Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әйелдер арасындағы Гран-приінің үшінші кезеңіне Жансая Әбдімәліктің қатыспай қалуынан басталған болатын. «Күйеуге шығып, борщ пісір» Нақтысын айтқанда, Жансая Әбдімәлікке турнирдің ұйымдастырылуы ұнамаған. Оны әуежайдан ешкім қарсы алмаған, әдеттегідей таңғы ас