Белгілі продюсер әрі YOLO House пен BIP House тиктокерлер үйінің негізін қалаушы Бексұлтан Қазыбек Netflix компаниясымен бірнеше рет келіссөз жүргізуге тырысқанын айтады. Алайда кино-сериал нарығында "жоғарғы лига көшбасшысы" саналатын компания Қазақстандағы жобаларға қызықпаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.