Жетісу облысында фри картобын өндіретін жаңа кәсіпорын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында инвесторлармен және әкімдіктердің өкілдерімен әріптестік мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Картоп өсіруге маманданған ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуден кейін Ә.Тамабек нидерландық компанияның өкілдерімен бірге индустриялық аймақта инфрақұрылымы дайын және жаңа азық-түлік өндірісі салынуы мүмкін …