Елордаға жыл басынан бері ТМД елдерінен 6200-ден астам Өзбекстан, 1251 Ресей, 871 Қырғызстан және 973 Тәжікстан азаматы келді. Бұл туралы Нұр Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Баспасөз қызметінің ақпаратынша, елордада шетелдіктердің болуын бақылаудың тиімділігін одан әрі арттыру, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өтіп жатыр. …