Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті «Sincere Systems» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Аталған қаржы пирамидасы маркетингтік инвестициялық компания ретінде жұмыс істеп келген. Оның ұйымдастырушылары сенгіш азаматтарға жаңа қатысушыларды тарту арқылы жоғары сыйақы алуға уәде беріп, инвестициялық жобаларға қомақты қаржы салуды ұсынған. «Алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғаның қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі […]