Елордадағы жаңа мешіттің ашылуына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді. Бүгін Орта Азия мен Қазақстандағы ең үлкен мешіт ашылып, жұма намаз оқылады. Мешіттің іргетасын 2019 жылы 18 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған. Кіре берісте мешіттің Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен салынғаны осылай тасқа қашалып жазылған. Барлығыңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Осы жылдар аралығында елордада көптеген ғимараттар салынды,