Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында мәлім етті. Осыған дейін спортшылар №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алып келген. Тексерулер өзге пациенттермен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді. Яғни, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Сондықтан спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының денсаулығымен арнайы спорт дәрігерлері айналысуы қажет деген шешім шығарылды. Аталмыш орталық