Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер жоспарлануда деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан – Баянауыл және Қарағанды – Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды. «Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан …