Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы екіге бөлінеді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өзгерістер жақын арада жүзеге асады деп хабарлады turkystan.kz. «Жақын арада Есіл ауданын екі ауданға бөлуге тура келеді. Дәл осы Есіл ауданында жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Өйткені жаңа тұрғын үй кешендері негізінен осы ауданда салынып жатыр. Соңғы үш жылда 100 мыңнан аса адам тіркелген. …