Нұркен Шәрбиев экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Primeminister.kz сайтында хабарланды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, делінген сайтта жарияланған хабарламада.