Танымал әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастады. Кино жұлдызы Мальдивтен арал сатып алғысы келетінін жасырмады. “Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек”, – деп қалжыңдады Қоянбаев. Желі қолданушылары әзіл ретінде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. “Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын”, “Бастайық, мен 1 миллион тастаймын”, “1 380 теңге қайдан шыққан баға?”, “Нұреке алып қойып, ақырын ғана ойнатып жатырсыз-ау”, – деп жазды көпшілік.
Жаңалықтар
































