22 желтоқсанда облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді. Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ведомствоның хабарлауынша Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес