Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.