Нұрсұлтан Назарбаев операциядан кейін өзін жақсы сезінуде, ауруханадан жақын күндері шығады. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында өткен брифингте айтылды. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының басқарма басшысы белгілі кардиохирург Юрий Пя БАҚ өкілдерімен кездесіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың операциядан кейінгі жағдайын айтты. Мен ұзақ жылдар бойы Тұңғыш Президенттің консультант дәрігерімін, қажет болған жағдайда мені Нұрсұлтан Назарбаевқа консультация жасауға