Ресейдегі «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының (ЖЭК) басшысы Евгений Пригожин «әділеттілік маршын» аяқтаған соң телеграм-каналына алғашқы 11 минуттық аудио мәлімдемесін жариялады. Оның қазір қайда екені белгісіз. Пригожин «Вагнер» тек Ресейдің мүддесін қорғайтынын, Украинамен соғыста айтарлықтай жеңіске жеткенін айтады. «Бірақ ойластырылмаған шешімдер бойынша ЖЭК 1 шілдеде тарауы керек болған. Содырлар мен командирлер қорғаныс министрлігімен келісімге келуден бас