Жексенбі, 9 сәуір күні Атырауда алғаш рет экология үшін санкцияланған митинг өтті деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы. Қаланың экологиялық мәселелеріне назар аудару үшін «Мұнайшы» стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналды. Митингке қатысушылардың басым бөлігі жастар болды, бірақ егде жастағы адамдар да шықты. Олардың қолында «Өкпеге дем жетпейді», «Тыныс алу мүмкін емес», «Атырау тынысы», «Экология пайдадан қымбат»,