Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылын 20 тамыздан бастау және маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынысына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл мәселе 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде көтерілді. Оның айтуынша, оқу жылын ұзарту оқушыларды халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес дайындау жолында көмектеседі. Сондай-ақ, апталық …