Қостанай облысының бірнеше ауылында мектептер қаңтар айында жабылып қойған. Кейбірінде бір оқушыдан ғана болды. Кезекте 13 мектеп тұр, деп жазады Baq.kz. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, оқушы саны аз мектептер бірден жабылмайды: оқушылар көбейеді деген үмітпен әр жағдайда жеке-жеке белгілі бір үзіліс жасалады. Алайда жағдай өзгермесе, орта мектеп негізгі, ал негізгі мектеп бастауыш болып қалады.