Қасиетті рамазан айы басталғалы бері «балаларға оразада ауыз бекітуге бола ма?» деген сауал қоғамда тартыс тудырып жатыр. Әлеуметтік желіде мектеп мұғалімдері ауыз бекіткен оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп, өздерін әлсіз сезінетінін айтып шулады. Дәрігерлер жас ағзаның ашығуы мен зорығуы созылмалы дертке әкелуі мүмкін екенін айтты. Дін өкілдері де ораза ұстап, баланың денсаулығына зиян келтіруге болмайтынын мәлімдеді.