Қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол ұзындыққа секіруде 5 м 90 см нәтижемен үшінші орынға табан тіреді. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық Хуан Иньинь жеңіп алса, күміс үнді спортшысы Сусмитке бұйырды. Айта кетейік, Анастасия Рыпакова — Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакованың қызы.