Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны шовинистік әрекеттер жасап жүр деп айыптады. Айтуынша, Ольга Шишигина биылғы сәуірден ҚР ҚМ спорт комитетінің – Армияның орталық спорт клубының төрағасы болып тағайындалғаннан бері «Этникалық өркөкіректік танытып, басшылыққа тек славян өкілдерінің тағайындап» жүр. «Бұрынғы ұжым жақсы еді» Әбеноваға мұндай мәлімдеме жасауына Армияның орталық спорт клубынан