Бұл туралы Президент Қостанай облысының халқымен кездесуінде айтты. Ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметі жіті бақылауға алынатынын айтты. Сондай-ақ елдің капиталы шетелге заңсыз шығаруға жол берілмейтініне баса назар аударды. Яғни түрлі әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы міндетті түрде қадағаланып отыратын болады. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады.