Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өзінің танысымен бірге өртеп жіберген қазақстандық 13 жылға бас бостандығынан айырылды. ТАСС агенттігінің жазуынша, 1-ші Шығыс аудандық әскери сотының шешімімен Аңсаған Молдахметов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот 2022 жылдың мамырында