Заңгер Ержан Есімханов қоғамда резонанс тудырған ерлі-зайыпты Жанәбіловтер мен кәсіпкер Мөлдір Сүйіншәлиге қатысты істер жөнінде пікір білдіріп, олардың әрекетін оңай олжаға ұмтылумен байланыстырды. Оның айтуынша, екі істі біріктіретін ортақ мәселе стратегиялық ойлаудың жетіспеуі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.