2026 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісіне жыл сайынғы зерттеу жүргізді. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Деректерге қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары кіреді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адамды құрады. …