TikTok ЮНИСЕФ-пен бірге онлайн мен офлайн өмірдің арасындағы тепе-теңдікті сақтау тақырыбына арналған #СандықӨркендеу кампаниясын іске қосады. Арнайы TikTok қауымдастығы үшін психология мен онлайн-қауіпсіздік саласының сарапшылары қолданушыларға арналған танымдық ұсыныстары бар бейнероликтер түсірді. Сондай-ақ TikTok Қазақстанда қауымдастықты олардың қосымшада отыратын уақытын бақылауға шақыратын арнайы бейнероликтерді іске қосты. Арнайы жоба үшін психология жөніндегі және онлайн-қауіпсіздік саласының жетекші сарапшылары