Оңтүстік Кореяны шулатып, әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандық жігіт бостандыққа шығады. Оңтүстік Кореяда екі қазақ жігітінің соты болды. Сот үкіміне сәйкес екеуіне айыппұл тағайындалған. Естеріңізде болса 25 наурыз күні екі отандасымыз Инчхон әуежайындағы биіктігі 3.6 метр қоршаудан асып, қашып кеткен болатын. Кейін олардың бірі Тэджона қаласында ұсталды. Екіншісі 3 күннен кейін өз еркімен полицияға келген