Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында бортында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті. Бұл туралы Yonhap хабарлады. Басылымның мәліметінше, экипажда болған бес адам құтқарылды. Қалғандарын құтқарушылар іздестіріп жатыр. Борттағы 22 экипаж мүшесінің 14-і - Қытай азаматы, 8-і - Мьянма азаматы.