31 мамырда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға арналған еңбек визасын енгізу мәселесін талқылады. Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті. Корея республикасы Қазақстанның Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі. Достық пен өзара сенімге негізделген Оңтүстік Кореямен әріптестікті дамыту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды