Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Достық ауылында қараша айында болған атысқа қатысты сот ісі көпшілікке жария етілмей аяқталды. Бұл іс бойынша бес полиция қызметкері жәбірленуші деп танылған, олардың бірі оқ жарақатын алған. Алайда сотта айыпталушы болмады күдікті сол күні қаза тапқан. Ulysmedia.kz зерттеп шыққан сот қаулысынан полицияға оқ атқан адам Өзбекстан Республикасының азаматы болғаны анықталды. Мәйітті тексеру кезінде оның жанынан басқа заттармен қатар діни кітап табылып, ол заттай дәлел ретінде тәркіленіп, іске тіркелген.
Жаңалықтар