Орал тергеу соты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық істе тергеу жұмыстары аяқталған Оралдың екі тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды Уральская неделя. Тергеуді бастауға 2023 жылдың 11 ақпанында чат-рулеткада болған блогер Пан Васильмен әңгіме себеп болды. Әңгімелесу барысында Орал қаласының тұрғыны Денис Рудный Орал қаласы – Ресейдің байырғы қаласы екенін айтып, қазақтілді қазақтарды «мамбеттер» деп