Орал қаласы әкімінің орынбасары бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 648 мың теңге айыппұл салынып, қаражат толық өндірілді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Прокуратура не анықтады Орал қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізген талдау барысында бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтаған. Қадағалау органының мәліметінше, қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары …