Оралда жолаушы қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның танысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орал қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қ. және П. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау) айыпты деп танылды. Олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. […]