Оқиға бүгін сағат 9:54-те 5-шағын аудандағы бес қабатты үйде болған деп хабарлады turkystan.kz БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. …