Фото: видеодан скрин Батыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады. Полицияның мәліметінше, 15 қаңтар күні сағат 09:23 шамасында Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінде, «Мектепші» сауда үйінің маңында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Ауыр жарақат алған азамат...