Кеше сағат 11:30 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті. Қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл жеткізілген сәбидің ер бала екені белгілі болды. Аталған факт ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу басталды.