Қаңтар айының басында бір минут аралықпен Орал қаласының облыстық перинаталдық орталығында үшем-қыздар дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Айназ, Айзада, Айдана атты үшемнің екі үлкен ағасы мен әпкесі бар.